Әскери қызметшілерді көтермелеу

Әскери қызметшілерді көтермелеу

 

Әскери қызмет-Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында өздерінің қасиетті борышы мен мемлекет пен халық алдындағы міндетін орындауымен байланысты мемлекеттік қызметінің ерекше түрі.

 

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің міндеттерінің бірі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету болып табылады.

Қазіргі уақытта СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесін күзетуді "Орталық" өңірлік қолбасшылығы Ұлттық Ұланының 6637 әскери бөлімінің 2 атқыштар ротасы әскери қызметшілерінің жеке құрамы жүзеге асырады. Әскери қызметшілер күзеттің сенімділігін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді сапалы орындайды. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күзетті жүзеге асыру кезеңінде сотталғандардың күзеттен қашып кетуіне мекемеде жол берілген жоқ.

Ауа райы жағдайына және жыл мезгілдеріне қарамастан, мерзімді қызметтің сарбаздары мекеменің периметрі бойынша бақылау мұнараларында тәуліктік режимде жауынгерлік кезекшілік атқарады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өзара іс-қимыл шеңберінде және қызметке адал қарым-қатынасы үшін 6637 әскери бөлімінің 2 атқыштар ротасының мерзімді қызметтегі бірқатар әскери қызметшілері СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының бұйрығымен көтермеленді.