
Солтүстік Қазақстан облысының "Аққайың ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" Аққайың ауданының прокуратурасымен бірлесіп, Аққайың ауданының пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған адамдар, алимент төлеуден жалтарған адамдар, сондай – ақ " Еңбек нарығы" базасында тіркелген жұмыссыздар арасында Смирново ауылының жұмыспен қамту орталығының ғимаратында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Бос орындар жәрмеңкесінің басты мақсаты жұмыс берушілердің жұмыс іздеушілермен кездесуі болып табылады. Аталған іс-шараға 17 ұйым қатысып, 38 бос орын ұсынылды, оның ішінде 33 адам Аққайың ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар 4 адамды құрады.
Әрбір сотталғанмен Аққайың ауданы прокуратурасының өкілімен әңгімелесу жүргізілді және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша консультация берілді. Пробация қызметі бөлімі сотталғандарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету үшін "Аққайың ауданының халықты жұмыспен қамту орталығымен" тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды.
Өйткені, сотталғанның түзелу жолына түсуі үшін жұмысқа орналасудың маңызы зор.