КВИ вакцинациясы

КВИ вакцинациясы

Ақпан айынан бастап Қазақстанда халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес, жұқтыру қаупі жоғары, әсіресе вирус жұқтыруға және оның таралуына бейім адамдардың тізімі анықталды. Қазіргі уақытта аталған науқан СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде ұсталатын адамдар арасында тіркелген халық тіркелімі шеңберінде жүргізілуде. Вакцинация жұмыстары 26 сәуірде басталды, осы кезеңде 200 астам сотталған егілді.

Сонымен қатар, вакцинация кестесіне сәйкес ЕС-164/3 мекемесінің жеке құрамы вакцинацияланды.

Егілетін адам ерікті келісімге қол қояды. Процедура 45-тен 90 күнге дейінгі аралықта 2 кезеңнен тұрады. COVID-19 қарсы вакцинация жүргізу алдында міндетті түрде егілетін адамды медициналық қызметкер қарайды, міндетті түрде термометрия жүргізеді және егілетін адамда аллергиялық реакциялардың, созылмалы аурулардың болуына пікіртерім жүргізеді. Жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар болған жағдайда үдемелі созылмалы аурулары және аллергиялық реакциялары бар науқастарға вакцинация жүргізілмейді. Егілген адамдар 30 минут бойы медициналық бөлімде бақылауда болады. Мекеменің медицина қызметкерлері мен қызметкерлерін вакцинациялау Петропавл қаласының №1 қалалық емханасында, сотталғандарды – мекеменің медициналық бөлімінде жүзеге асырылады.