
Новоишим ауылының орталық алаңында Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бірлесіп Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның халықты жұмыспен қамту орталығымен Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның ПҚБ есебінде тұрған тұлғалар арасында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың еңбек қызметін дамыту болып табылады. Сондай-ақ, ниет білдірушілерге мамандық алып, тегін оқу және қайта оқу мүмкіндігі беріледі. Жұмысқа орналастыру бойынша проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Аталған іс-шараға кәсіпкерлер мен түрлі мемлекеттік және жеке ұйымдардың өкілдері белсенді қатысты. Бос орындар жәрмеңкесі аяқталғаннан кейін сотталғандарға ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындарының тізімі ұсынылды.
Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша сотталған Ю. "№2 нан базасы" ЖШС жұмыс орындарының квотасы бойынша жұмысқа орналасуға жіберілді.