
СҚО бойынша ҚАЖД Ақжар аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері көп балалы отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.
Сотталған В. аудан орталығына жақын ауылда тұрады, фермада малшы болып жұмыс істейді. Сотталғанды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру кезінде отбасының көп қиындықтарға тап болғандығы анықталды.
- Біз бұл отбасыға азық-түлікпен, сондай-ақ балаларға арналған тәттілермен көмек көрсету туралы шешім қабылдадық. Сотталған В. зайыбымен бірге 5 бала тәрбиелеп отыр. Жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Сондай - ақ, осы отбасына алдағы уақытта да көмек көрсететін боламыз. Жыл басынан бері 6 отбасына көмек көрсетілді, - СҚО бойынша ҚАЖД Ақжар ауданының ПҚБ бастығы әділет майоры Ерлан Хасенов.