Спорттық іс-шаралар

Спорттық іс-шаралар

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар өткізілді. Сотталғандар спорттың келесі түрлері бойынша жарысты: белтемірге тартылу, брусьяға тартылу, футбол.

Іс-шараны ЕС-164/3 мекемесі бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Рүстем Рахметов ашып, барлығына спорттық сәттілік тіледі.

Белтемірге тартылу бойынша 35 рет тартылған С. және Б. сотталғандар үздік атанды. Сотталған Г. брусьяға 62 рет тартылып, бірінші орынды иеленді.

Футбол алаңында үш жасақтың сотталған командалары жеңімпаз атанды.

Аталған іс-шаралар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, тұрақты негізде жүргізіледі және сотталғандардың оң көңіл-күйін тудырады, сол арқылы спорт пен салауатты өмір салтын насихаттайды.