
СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобы, Уәлиханов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі шағын футболдан турнир өткізді.
Жарысқа азаматтық тұрғындар арасынан волонтерлер, Уәлиханов ауданының полиция бөлімінде есепте тұрған волонтерлер және ПҚТ қызметкерлері қатысты.
Турнирге барлығы 4 құрама қатысты. Мұндай іс-шаралар сотталғандардың жеке дамуына, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.