Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады.
Осы мерекені СҚО бойынша ҚАЖД «ЕС-164/1 мекемесі» РММ-де жазаларын өтеп жатқан шаруашылық қызметі жасағының сотталғандары да атап өтті.
Ағымдағы жылдың 30 сәуірі күні сотталғандардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Сондықтанда жазасын өтеп жатқан сотталғандар бұл мерекеге ерекше көтеріңкі көңіл-күймен дайындалған болатын.
Мерекелік концертте, Қазақстанда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киген сотталғандар ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетті.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осы орайда жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында түрлі ұлт өкілдеріне деген толеранттылықты насихаттау тәрбиелік шараларының мақсаттарының бірі болып табылады.