
СҚО бойынша ҚАЖД Тимирязев ауданының пробация қызметінің қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша прокурормен бірлесіп тұрақты негізде кездесулер өткізеді.
Прокуратура ғимаратында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен кезекті кездесу өткізілді, онда жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуға жол бермеу, сондай-ақ қайталап қылмыс жасау жөнінде әңгіме жүргізілді, онда сотталғандар әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылық туралы кезекті рет таныстырылды.