Жұмысқа орналасуға көмек

Жұмысқа орналасуға көмек

СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобының қызметкерлері сотталған Н. жұмысқа орналасуда көмек көрсетті.

Сотталған Н. бұрын ЕС-164/3 мекемесінде жазасын өтеген, жақсы мінез-құлқы үшін жазаны жазаның неғұрлым жеңіл түрімен (бас бостандығын шектеу) алмастырған.

ПҚТ есепке қою кезінде сотталған адам жұмысқа орналасудың қажеті жоқ екенін түсіндірді, өйткені ол өз бетінше жұмыс таба алады. Уақыт өткеннен кейін сотталған пробация қызметі тобының инспекторларына жұмысқа орналасу туралы өтінішпен жүгінді, өйткені өз бетінше жұмыс іздеу оң нәтиже бермеді.

Уәлиханов ауданының ПҚБ инспекторы сотталғанды "Қызылту Су Арнасы" слесарі лауазымына жұмысқа орналастыруға көмек көрсетті . Сотталған Н. пробация қызметкерлеріне жедел көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.