Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтауы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтауы

Ішкі істер органдарының, Ұлттық ұланның, қылмыстық-атқару жүйесінің барлық ардагерлерін, қызметкерлерін және әскери қызметшілерін, ІІМ оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін Отан қорғаушылары күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтаймын!

   9 мамыр тарихтың ең жарқын, айбынды және салтанатты беттеріне жаиады. Бұл, халықтың рухын, ынтымақтастығы мен әскери бауырластығының қатал сынағына айналған аяусыз соғыстағы жеңіс болды.

   Осы жылы біз, ұмытылмас Жеңіс күнің ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына дайындық шеңберінде атап өтеміз.

   Қазақ халқының сұрапыл соғыс жылдарында көрсеткен батылдығы мен еңбек ерлігі біздің ұрпағымыздың есінде мәңгі ризашылықпен қалады, өскелең ұрпақ – болашақ Отан қорғаушылар үшін өз Отанына деген шексіз берілгендік пен жанқиярлық қызметтің жарқын үлгісі болып табылады.

   Ежелден әскери қызметшілер намыс, батылдық және патриотизмнің көрінісі болды. Қазақстандықтар бостандық пен тәуелсіздік үшін өз өмірлерін қиған батырлардың барлық буындарының ерліктерін есте сақтайды.

   Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері өткеннің ерлікке толы даңқты дәстүрлерін қасиетті түрде сақтайды және арттырады, құқықтық тәртіпті, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қызметтік және әскери борышын абыройымен атқарады деп сенемін.

  Барлығыңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік, әл-ауқат және Отанымыз – қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!