ЕС-164/1 мекемесінде сотталғандар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді

ЕС-164/1 мекемесінде сотталғандар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді

7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарының төл мерекесінің құрметіне «ЕС-164/1 мекемесі» РММ шараушылық қызметіне қалдырылған сотталғандар арасында «Жігіт сұлтаны» сайысы өткізілді.

Сайыс  5 кезеңнен құралды. 1-кезең «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру , 2-кезең «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы, 3-кезең «Көркіне ақылы сай» сұрақ-жауап сайысы, 4-кезең «Сегіз қырлы, бір сырлы» спорттық сайыс, 5-кезең «Оратор» шешендік өнерлерін көрсету.

Сайысқа 7 сотталған қатысып, әрбірі өз өнерін, күшін, білімін, сөз байлығын сынап, көрерменге тартысты доданы тарту етті. Байқауға әділ бағасын беруге қоғамдық байқау комиссиясының мүшесі Игорь Коновалов шақырылды. Оның айтуынша аталмыш форматтағы сайысқа қатысу арқылы сотталғандар көремен алдында басқа қырларынан танылып, түзу жолға тұруға ниетті екендігін барынша көрсетті. Сотталған жігіттердің өнері көрермен қауымның да жүректерінен орын таба білді.

Атап айтсақ, сайысқа қатысушы сотталған Ю. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап Қайрат Рысқұлбековтың соңғы сөзін оқып көрерменнің көзіне жас ұялатып, өлеңді орындау шеберлігімен тәнті етті.   

Сайыс қорытындысы бойынша ішіндегі ең үздігі, оза шапқан, сері жігіт анықталды. «Жігіт сұлтаны-2021» атағына сотталған М. ие болды. Сонымен қатар қатысушы сотталғандар бас жүлдеден басқа «Өнерлі жігіт», «Ақылды жігіт, «Сымбатты жігіт», «Көрермендер көзайымы», «Өнерпаз жігіт», «Батыр жігіт», «Дарынды жігіт» сынды номинацияларға ие болып, мекеме бастығының грамоталарымен марапатталды.

Сотталғандар арасында аталмыш байқауларды өткізу дәстүрге айналмақ.