
СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметінің тобы "Жастар бастамалары орталығының" еріктілерімен бірлесіп, қоғамнан оқшаулаусыз жазаға сотталған, көмек көрсетуге мұқтаж адамдарға бару бойынша іс-шара ұйымдастырды. Олармен санитарлық нормаларды сақтау бойынша ұсыныс сипатындағы әңгімелер жүргізілді. Әңгімелесу қорытындысы бойынша сотталғандарға жеке қорғаныс құралдары берілді.