
СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің жеке құрамымен СҚО полиция департаментінің мұражайында "Милицияның солдаттық ерлігі" тақырыбына Солтүстік қазақстан облысы Ішкі істер органдарының батыр-қызметкерлері туралы экскурсия өткізілді. Бұл іс-шара Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығын, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында өткізілді. Карантиндік шектеулерге қарамастан, ІІО жеке құрамымен жұмыс санитарлық нормаларды сақтай отырып, тұрақты негізде жүргізіледі және қызметкерлердің жас буынының патриоттық дүниетанымын қалыптастыратын осындай іс-шаралар ерекшелік болып табылмайды.
Экскурсия жүргізген - СҚО ПД музей меңгерушісі Лариса Осинскаяның сүйемелдеуімен мекеме қызметкерлері Республика ІІБ музейлері арасында үздік деп танылған музей коллекциясымен танысты. Қызметкерлердің назарына Ұлы Отан соғысы кезінде жауынгерлердің ерліктерін орындау тарихы, ұрыс қимылдары кезінде пайдаланылатын техникалық құралдар, нысанды киім-кешек, тулар, сол жылдардағы оқиғаларға қатысушыларға арналған вымпелдер мен наградалар ұсынылды. Жастарға атыс және суық қарудың әртүрлі үлгілері көрсетілді.
Сонымен қатар, мұражай экспозициясында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің көмегімен жұмыс жағдайына келтірілген және қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған ХХ ғасыр тарихының ажырамас бөлігі болып табылатын экспонаттар бар. Жас қызметкерлер Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жасалған резонанстық қылмыстар бөлімінен экспонаттарға қызығушылық танытты. Әйелдер колониясында қызметкерлер ерекше қатыгездікпен қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан қылмыскерлерді күзетуді және қадағалауды қамтамасыз етеді. Бұл факт, өз кезегінде, қылмыстық-атқару жүйесінің жас қызметкерлеріне жазаның бұлтартпастығын және ҚАЖ органдарының психологиялық құрамдас бөлігінің күрделілігін ескере отырып, қызмет өткеру кезінде ерекше қырағылық таныту қажеттілігін куәландырады.
Бұл іс-шара жас қызметкерлердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, рухани дамуды насихаттау және қызметке оң көзқарас қалыптастыру мақсатында өткізілді.