
СҚО Есіл аудандық соты бейнеконференцбайланыс арқылы сотталған К. қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы пробация қызметінің ұсынысын қарастырды.
Мәселен, СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығын шектеуге сотталған жазасын өтеудің тәртібі мен шарттары туралы хабардар бола отырып, тіркеуге келмеген, тексеру барысында тұрғылықты жері бойынша бірнеше рет болмаған. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сотталған К. 3 ай ішінде спирттік ішімдіктерді ішуге тыйым салу түрінде ерекше талаптар белгіленді, бірақ бұған қарамастан, сотталған К. осы талаптарды бұзды, ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның атына ескертулер шығарылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді, бірақ сотталған онымен жүргізіліп жатқан жұмысқа мән бермеді, бұл пробация қызметінің инспекторларын сотталған адамның жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныспен сотқа жүгінуге итермеледі.
Сот отырысында сотталған К. жазаны өтеу тәртібін бұзу фактілерін толық мойындады. Сот іс материалдарын зерттеп, тараптардың пікірлерін тыңдап, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Қазіргі уақытта қаулы заңды күшіне енді, сотталған К.бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.
Енді қалған 2 жыл 5 ай мерзімін сотталған СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде өтейтін болады.