Оказана помощь

Оказана помощь

СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының пробация қызметі бөлімшесі "СҚО Аққайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ және Смирнов ауылдық округінің әкімдігімен бірлесіп 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар, атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасыларға берілетін әлеуметтік пакеттің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тұрмыстық химия тауарларының жиынтығын және азық-түлік жиынтықтарын таратуды жүзеге асырды.

Бұл жиынтықтардың құрамы физиологиялық ерекшеліктерді, өнімдердің тағамдық және энергетикалық құндылықтарының арақатынасын және жасына сәйкес нормаларды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымы негізінде қалыптастырылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының инспекторлары өмірлік қиын жағдайда жүрген 10 астам отбасына көмек көрсетті.