Шахмат және дойбы бойынша турнир

Шахмат және дойбы бойынша турнир

СҚО Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция ғимаратында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды ауданның мәдени және спорттық өміріне баулу мақсатымен

шахмат және дойбы бойынша спорттық іс – шара-турнир өткізілді.  Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар аталған спорттық іс-шараға белсенді қатысты. Алдын алу және тәрбие іс-шараларын жүргізудің негізгі міндеті сотталғандардың дүниетанымын өзгерту болып табылады. Мұндай шаралар сотталғандарға оң әсер етеді, өз күшіне сенуге мүмкіндік береді, кез-келген адам өз өмірін жақсы жаққа өзгерте алатынына сенімділік береді.

Іс-шараға барлығы 12 сотталған қатысты. Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз анықталып, барлық қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.