Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

Петропавл қаласының Мәдениет үйінің ғимаратында пробация қызметі бөлімі Петропавл қаласының халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жұмысқа мұқтаж адамдар үшін, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаусыз сотталған шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына байланысты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында Бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Жұмыс іздеп бос орындар жәрмеңкесіне СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар келді.

Аталған іс-шараға "Петропавл қаласының білім бөлімі" ММ, "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ, "Пилон" ЖШС, "Севимстальком" ЖШС, "Стройкомпания" ЖШС және басқа да түрлі қызмет салаларының өкілдері қатысты. Жұмысқа орналасуға мұқтаж сотталғандар мамандардың кеңесін алды. Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша пробация қызметінің бөлімінде есепте тұрған сотталғандарға тұрғылықты жері бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға және мамандықтар бойынша жеке кәсіпорындарға жұмыс орындары ұсынылды.