
СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобы Уәлиханов аудандық ауруханасының психологымен бірлесіп сотталған адамға психологиялық көмек көрсетеді. Есепке қою кезінде әрбір сотталғандармен әңгімелесу, әлеуметтік - құқықтық көмек көрсету туралы жеке бағдарлама жасалады.
Сотталған адамға психологиялық көмек жүргізудің негізгі мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробациялық бақылаудағы адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды неғұрлым тиімді әлеуметке қосу мақсатында көмек көрсету болып табылады.
СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметінің тобы есепке алынған Н. психологиялық көмек көрсетті, ол психологиялық көмек көрсетілгеннен кейін түзету жолына түсті және аталған психологиялық көмек оған отбасын құруда және бала тәрбиесінде дұрыс өмір салтын жүргізуге көмектескенін хабарлады.
Бұл мысал адамның түзету жолына нық тұрғанын көрсетеді.