
СҚО бойынша ҚАЖД Ақжар аудандық пробация қызметін бөлімшесінің ПҚБ инспекторлары сотталғанға қысқа мерзімде жеке куәлік алуға көмектесті. Көшу кезінде ер адам құжаттарын жоғалтып, осы мәселемен пробация инспекторына жүгінді. Он күн ішінде сотталғанда жаңа жеке куәлік пайда болғанына, ол өте қуанышты болды.
– Қазіргі уақытта барлық құжаттардың өзіңізбен бірге болуы маңызды. Сондықтан мен өзімнің куәлігімді жоғалтқанымды білгенде, көңілімнің құлазығаны рас. Бірақ пробация қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында енді мені бұл мәселе алаңдатпайды, - дейді сотталған.
- Біз осы сотталған адамға көмек көрсеттік. Бүгінгі күні онымен бірге оны қоғамға тезірек қайта әлеуметтендіру бойынша жеке бағдарлама жүргізілуде, - СҚО бойынша ҚАЖД Ақжар ауданының пробация қызметі бөлімшесінің бастығы әділет майоры Ерлан Хасенов.