
Әлеуметтік-экономикалық дамудың Кешенді жоспары шеңберінде өңірде перспективалы инвестициялық жобалар іске асырылып, жұмыс істеуі үшін білікті жұмыс күші талап етілетін жаңа өндірістер ашылуда.
Бұл ретте Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие Біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді оқыту көзделген.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және СҚО бойынша ҚАЖД Мамлют ауданының пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған адамдар қатарындағы азаматтардың кәсіби және еңбек артықшылықтарын зерделеу, сондай-ақ оларды жұмыспен қамту шараларымен қамту бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында "СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ қызметкерлерімен бірлесіп, құрылыс саласында оқудан және жұмыс істеуге ниет білдірген 50-ден астам сотталғандарға сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде, олар оқуға жіберіліп, жұмысқа орналастырылатын болады.