
СҚО бойынша ҚАЖД Айыртау ауданының ПҚБ қызметкерлері 2021 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай - ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның отырысын өткізді.
Отырысқа консультативтік-кеңесші органның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, ішкі саясат бөлімінің басшысы, прокуратура органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Айыртау ауданының пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру процесін жақсарту үшін жағдайлар жасау; қылмыстық жазасын өтеген және жекелеген ауылдық округтер бойынша аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған азаматтарға жұмысқа орналасуға және өзге де көмек көрсету мәселелері талқыланды.