
СҚО бойынша ҚАЖД Жамбыл ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері еріктілермен және СҚО Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ қызметкерлерімен бірлесіп Жамбыл ауданының Пресновка ауылында тұратын аз қамтылған отбасына азық-түлік түрінде материалдық көмек көрсетті.
Қазіргі уақытта үш кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған отбасы қиын өмірлік және қаржылық жағдайда, өйткені отбасының асыраушысы қазіргі уақытта еш жерде жұмыс істемейді, жақын арада тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасқысы келеді, бұрын отбасы ауылдан аудан орталығына көшіп келген, қаражаттың көп бөлігі тұрғын үй сатып алуға кеткен.
Отбасында бала тәрбиесіне көмектесетін әже де бар. Өз кезегінде, қиын өмірлік жағдайға тап болған бұл отбасы пробация қызметкерлері мен еріктілерге көрсеткен қамқорлығы мен назары үшін шын жүректен алғыс білдіріп, қиын қызметте табыс тіледі.