
СҚО бойынша ҚАЖД Тимирязев ауданының пробация қызметі бөлімшесінің қызметкерлері тұрақты негізде Тимирязев ауданының прокурорымен және "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ маманымен бірлесіп сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша кездесулер өткізеді. Кездесу барысында сотталғандар Тимирязев ауданындағы бос жұмыс орындарымен танысады, сондай-ақ Тимирязев ауданының прокурорымен бірлесіп қайталама қылмыстарға жол бермеу жөнінде әңгіме өткізіледі.
СҚО бойынша ҚАЖД Тимирязев ауданының пробация қызметі бөлімшесі жұмыспен қамту орталығымен, Тимирязев ауданының прокуратурасымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында бос жұмыс орындары туралы кездесу өткізді.
Кездесу қорытындысы "Бур-Бат" ЖШС жұмысқа орналастыру бойынша жеке бағдарлама жасау болып табылады және 17.03.2021 жылдан бастап сотталған Н. механизатор лауазымында сынақ мерзіміне шығады.
Сондай-ақ Тимирязев ауданының прокуроры пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен бірлесіп жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуға жол бермеу, сондай-ақ қайталама қылмыстар жасау жөнінде әңгіме жүргізді.