ҚАЖ мекемелеріндегі әлеуметтік-құқықтық көмек

ҚАЖ мекемелеріндегі әлеуметтік-құқықтық көмек

Пробация қызметінің қызметкерлері СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп  "Пенитенциарлық пробация жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға" сәйкес пенитенциарлық пробацияға жататын сотталғандармен әлеуметтік - құқықтық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізуде.

Пенитенциарлық пробацияға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан, олар жасаған қылмыстардың ауырлық санатына қарамастан, мерзімін өтегенге дейін бір жыл қалған сотталғандар жатады.

Осылайша, сотталғандар "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.10.2014 жылғы № 1131 қаулысымен таныстырылды. Оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету ережелері түсіндірілді, сондай-ақ жеке бағдарлама жасалды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін әлеуметтік-құқықтық көмек алу ережелері түсіндірілді.