КҚО отырысы

КҚО отырысы

ZOOM платформасында бейнеконференция режимінде аудан әкімінің орынбасары Б.Б. Әбілғазинованың қатысуымен қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық Ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Консультативтік-кеңесші органның құрамына денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар салаларында басқаруды және үйлестіруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың басшылары, құқық қорғау органдары кіреді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Учаскелік полиция инспекторларының тұлғалармен жүргізген жұмысы туралы:

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға;

- шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар;

- бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталғандарға;

- профилактикалық есепте тұрғандар тұлғалар бойынша.

 

  1. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, профилактикалық есепте тұрған және мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдарды тарту туралы.
  2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету бойынша жүргізілген жұмыстар туралы.

Сондай-ақ, бас бостандығынан айырумен байланысты емес сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін 2021 жылға жұмыс орындарына квота бөлу және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мәселелері қозғалды.