
М.Жұмабаев ауданының прокуратурасы СҚО бойынша ҚАЖД М. Жұмабаев ауданының пробация қызметі бөлімімен, халықты жұмыспен қамту орталығының маманымен, жеке сот орындаушысымен бірлесіп пробация қызметінің бақылауындағы сотталғандармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сотталғандардың проблемалық мәселелері қаралды, негізгі назар сот үкімі бойынша талап-арыздарды төлеу мәселесіне аударылды. Қатысушыларға жазаны өтеудің шарттары мен тәртібі түсіндірілді, бос жұмыс орындарының болуы туралы таныстырылды. Мұндай кездесулер әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, олардың проблемаларын шешу мақсатында өткізіледі. Кездесу қорытындысы бойынша аудан прокуроры бірқатар тапсырмалар берді.