Сотталғандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі

Сотталғандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі

"Нұр Отан" партиясының ғимаратында жұмысқа мұқтаж адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, қоғамнан оқшаулаусыз сотталған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында жәрмеңке өткізілді.

Бос орындар жәрмеңкесіне СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша ауданының пробация қызметінде есепте тұрған, тұрақты жұмыс орны жоқ тұлғалар келді. "Халықты жұмыспен қамту орталығының" мамандары тұрғылықты жері бойынша жеке кәсіпорындардағы ақылы қоғамдық жұмыстарға, сондай-ақ түрлі мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту курстарына жұмыс орындарын ұсынды. Бос орындар жәрмеңкесіне 5 сотталған қатысты.

Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша 3 сотталған жұмысқа орналастырылды.