«Алғыс айту» күнінде көрсетілген көмек

«Алғыс айту» күнінде көрсетілген көмек

«Алғыс айту» күнінде СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері Петропавл қ. пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен бірлесіп, зейнеткер Анна Павловнаға тиесілі тұрғын үйдің іргелес аумағын қардан тазалауды ұйымдастырды.

Осындай іс-шараларды қызметкерлер тұрақты негізде өткізеді. Қар тазалауға көмек алу үшін зейнеткерлер жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне де, еріктілеріне де жүгінеді.

Анна Павловна көрсетілген назар, көмек және қамқорлық үшін осы іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді.