СҚО бойынша ҚАЖД Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлерімен «Жастар орталығымен» бірлесіп жалғыз басты зейнеткер Мария Овчинникованың үйінің маңында қар тазалау бойынша көмек көрсетілді. Аталған көмекке аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар да қатысты.
Көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды қызметкерлер тұрақты негізде жүргізеді. Жыл басынан бері аудандық ПҚБ қызметкерлері 5-тен астам отбасына көмек көрсетті.