Көмек көрсетілді

Көмек көрсетілді

Еріктілермен, сондай-ақ СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған сотталғандармен бірге жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсетілді.

Зейнеткерлер үйінің аулалары қардан тазартылып, ауладан шығарылды. Осылайша, еріктілер мен ПҚБ есебінде тұрған адамдардың көмегімен жалғыз басты зейнеткерлердің аулаларына көктемгі су тасқынының алдын алды.

Бұл көмек Қызылжар ауданының ПҚБ инспекторлары тарапынан алғаш рет көрсетіліп отырған жоқ және алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.