Көп балалы отбасына көмек көрсету

Көп балалы отбасына көмек көрсету

СҚО бойынша ҚАЖД Жамбыл ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері еріктілермен және Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ қызметкерлерімен бірлесіп Жамбыл ауданының Пресновка ауылында тұратын көп балалы отбасына балалар заттары мен ойыншықтары түрінде материалдық көмек көрсетті.
Кәмелетке толмаған бес баланы тәрбиелеп отырған әйел өмірлік және қаржылық қиын жағдайда, өйткені оның жұбайы қазіргі уақытта науқастық демалыста. Бұған дейін бұл отбасына балаларға арналған тағам өнімдері мен кеңсе тауарлары түрінде материалдық көмек көрсетілді.