Ұлы ақынның 175 жылдығы!

Ұлы ақынның 175 жылдығы!

Биыл қазақ халқының ұлы ақыны - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аталып өтпек. Жамбыл Жабаев өзінің бүкіл ұзақ және жемісті өмірін ең жақсы адами қасиеттерді - патриотизмді, тектілікті, әділ іске адалдық пен әділеттілікті мадақтауға арнады. Қазақ ақынының құдіретті таланты ақынның көзі тірісінде-ақ бағаланған. Қазір Жамбыл Жабаевтың өлеңдері 50-ден астам шет тілінде тыңдалады. Ақын шығармашылығы осы күнге дейін өзектілігін сақтап келеді.

Мерейтойды атап өту құрметіне СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде сотталғандар арасында өлең оқудан байқау өткізілді. Іс-шараны құттықтау сөзімен бастықтың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Рустем Рахметов бастады.

Сайысқа әр отрядтан бір сотталғаннан қатысты. Қазылар алқасы қатысушыларды бірнеше талаптар бойынша бағалады. Бұл оқудың мәнерлілігі мен айқындылығы, шығарманың өзіндік ерекшелігі.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын –сотталған В.

2 орын - сотталған Р.

3 орын –сотталған Н.

Сондай-ақ, сотталған О. «ең мәнерлеп  оқыған оқырман» номинациясы дипломымен марапатталды. Қалған қатысушыларды мекеме басшысының құқықтарымен көтермелейді.

Бұл шара әлеуметтік қашықтықты және санитарлық нормаларды сақтаудың барлық ережелерімен өткізілді.