
СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ.пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері Петропавл қ. пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен бірлесіп зейнеткер Семен Пропащевке іргелес аумақты қардан тазалау бойынша қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Бірнеше сағат ішінде іргелес аумақта жиналған барлық қар тазартылып, шығарылды.
СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. пробация қызметі бөлімінің қызметкерлерімен аталған акция тұрақты негізде өткізіледі.