Прокуратурамен бірлескен профилактикалық жұмыс

Прокуратурамен бірлескен профилактикалық жұмыс

СҚО бойынша ҚАЖД Шал ақын ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері Шал ақын ауданының прокуроры әділет кеңесшісі Т.Е. Салпықовпен бірлесіп "жаңа қайталама қылмыстар жасауға бейім"санатына жататын пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар шақырылды.

Бұл кездесудің мақсаты-сотталғандар тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстарға жол бермеудің алдын алу, сондай-ақ "Пробация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сотқа дейінгі, үкімдік және постпенитенциарлық пробация жағдайларын түсіндіру.

Шал ақын ауданының ПҚ есебінде тұрған бас бостандығын шектеуге сотталғандарға ерекше назар аударылды, оларға қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі, сондай-ақ құқыққа қарсы мінез-құлықтың салдары қосымша түсіндірілді. Әңгімелесу барысында тұрғылықты жері бойынша тұру жағдайлары, сотталғандардың жұмыспен қамтылуы, мемлекет алдындағы талап қою берешектерін өтеу нақтыланды.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша Шал ақын ауданының прокуроры Т.Е. Салпықов сотталғандардың барлық сұрақтарына толық жауап берді.