Мерзімінен шартты түрде босату

Мерзімінен шартты түрде босату

Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдардың құқыққа бағынушылық мінез-құлқын ынталандыратын маңызды институттардың бірі жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату болып табылады. Жазасын өтеп жатқан сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босату ҚР ҚК 72-бабымен реттеледі, оған сәйкес жазаны өтеу кезеңінде өзінің мінез-құлқымен түзелгенін дәлелдеген сотталғандар, егер сот оларды түзеу үшін жазаны толық өтеудің қажеті жоқ деп таныса, жазаны өтеуден босатылуы мүмкін.

Бүгінгі күні СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған 7 адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, бұл оң сәт болып табылады.

Пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері тұрақты негізде құқыққа бағынушылық өмір салтын жүргізу, жазаны өтеу шарттары мен тәртібін сақтау, қылмыспен келтірілген залалды өтеу қажеттігі туралы есепте тұрған есепке алынған адамдармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізеді, бұл кейіннен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш беру құқығы басталған кезде сотталған адамның түзелуінің даусыз дәлелі және сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны толық өтеу қажеттілігінің болмауы болып табылады.