Меморандум о сотрудничестве

Меморандум о сотрудничестве

СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімі мен Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық ішкі саясат бөлімі" КММ "Жастар ресурстық орталығы" КММ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, осы ынтымақтастықтың мақсаты Қызылжар ауданының жастары арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылды жүзеге асыру болып табылады.

Меморандумды орындау мақсатында Тараптар өз қызметін іске асыруда жұмыстағы негізгі бағыттарды басшылыққа алады:

- пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу;

- жастар мен сотталғандарды әлеуметтік іс-шараларға белсенді тарту;

- жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша талдау және ұсыныстар енгізу.

Осы Меморандум шеңберінде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, жалпыға танылған қағидаттар мен құқық нормаларын басшылыққа алады, тең құқықтық, ашықтық және парасаттылық қағидаттарында өзара іс-қимылды жүзеге асырады.