
Әлемнің барлық елдерінде жастардың қоғамдық ұйымдарының жұмысы өте өзекті және танымал. Біздің елімізде мемлекеттің қолдауымен Жастар Қазақстанның гүлденген болашағының қозғаушы күші және кепілі болып табылады. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың сөйлеген сөздерінде атап өтілгендей, өткен 2 жылдағы қызметін қорытындылау кезінде елдегі еріктілердің белсенді қатысуын бастаған жастар ұйымдарының жұмысы жоғары бағаланады.
Оның ішінде "Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының" белсенді, нәтижелі жұмысы ерекшеленеді. Олардың пандемия кезіндегі риясыз көмегі, мұқтаж адамдарға, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмегі бәріне белгілі. Бұл бірлестіктің еріктілері сотталғандарды қайта тәрбиелеу, қайта әлеуметтендіру ісіне қомақты үлес қосуда.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаменті өз кезегінде жастар ұйымдарын тарта отырып, іс-шаралар ұйымдастырады. Сонымен, Пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен одан әрі жоспарлы жұмысты жүзеге асыру үшін СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің "Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" КММ, "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" Жастар қанатының СҚОФ 2021 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
Бұл жоспардың мақсаты сотталғандар арасында бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға, девиантты мінез-құлықтың алдын алуға, сондай-ақ жеке басының деформациясын түзетуге, жеңуге, зияткерлік және дене бітімінің дамуына, құқыққа бағынушылық мінез-құлыққа және босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімделуге ықпал ететін адамгершілік қасиеттерін арттыруға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу болып табылады.
Сотталғандар үшін қаланың жастар ұйымдарын тарта отырып ұйымдастырылған осындай іс-шаралардың маңызы аз емес, өйткені ұжымшылдық пен шығармашылық сезімін дамытады. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілер өздерінің қоғам өміріне қатыстылығын сезінеді, өздерінің өткен қателіктерін қайта қарайды, жақсы болашаққа ұмтылады, осылайша босатылғаннан кейін олар біздің қоғамға лайықты өмір сүре алады деген сенім пайда болады.