празднование наурыза

празднование наурыза

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті!
⠀
Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара барысында ұлттық дәстүрлеріміз ұлықталып, әдет-ғұрыптар насихатталды. Түрлі спорттық жарыстар, қолөнер көрмелері, ұлттық тағамдар жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
⠀
Мекемелерде жазасын өтеушілер мен қызметкерлер бірлесіп киіз үй тігіп, қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс өткізді. Келген қонақтар мен қатысушылар наурыз көже мен ұлттық тағамдардан дәм татты.
⠀
Бұл іс-шара қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жазасын өтеушілерге рухани қолдау көрсетуге бағытталды.
⠀
Наурыз – жаңа бастамалардың, жақсылық пен үміттің мерекесі! Баршаңызға құт-береке, молшылық пен амандық тілейміз!