Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері Шымкенттегі қатаң режимдегі жалғыз әйелдер колониясына барды

Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері Шымкенттегі қатаң режимдегі жалғыз әйелдер колониясына барды

Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №78 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдермен кездесті.

Сапар барысында жас балалары бар сотталған әйелдерге құқықтық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінді. 

Сотталғандардың заңды құқықтары мен бостандықтарын сақтау мақсатында Департамент мекемелеріне тұрақты негізде бару жүзеге асырылады. Сонымен қатар, сотталғандармен қылмыстық істер мәселелері бойынша кездесулер өткізіледі. 

Сотталғандармен әңгімелесулер өткізілді, олардың қорытындысы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері өтініш беру тәртібі және мекемелердің ішкі тәртіп ережелері түсіндірілді.