Павлодар облысының бас бостандығынан айырылғандары арасында компьютерлік ойындар бойынша жарыстар өткізілді.

Павлодар облысының бас бостандығынан айырылғандары арасында компьютерлік ойындар бойынша жарыстар өткізілді.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-нің ең жоғарғы қауіпсіздік мекемесінде алғаш рет киберспорт бойынша, атап айтқанда компьютерлік ойындар бойынша жарыстар өткізілді, оған 16 үлгілі мінез көрсеткен бостандығынан айырылған қатысты.

 

- Мұндай жарыстарды біз алғаш рет өткізіп отырмыз, бұл өз кезегінде  сотталғандар үшін бос уақыттарын қызықты өткізіп, араларында салауатты бәсекелестік рухы қалыптастырады. «Ралли кросс» ойындары үшін интернетке шығу мүмкіндігі жоқ  компьютерлер орнатылған болатын», - деді мекеме бастығының орынбасары Сұлтан Бакин.

 

Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында кабинетке бірінен соң бірін кіргізіп отырды.

 

Ойынның жеңімпазы 26 жастағы Сергей болды. Ол денсаулыққа зиян келтіргені үшін жазасын өтеп отыр.

- Жазаны өтеу мерзімім өте үлкен, сондықтан мен барлық мәдени-спорттық шараларға қатысуға тырысамын. Бүгін біз үшін қызықты компьютерлік ойындар ұйымдастырылды. Шынымды айтсам, мен пернетақтаны қалай қолдану керектігін ұмытып кеткен едім, соңғы рет бес жыл бұрын ойындар ойнағанмын, - дейді Сергей күлімсіреп. - Бос уақытымызды әртараптандыруға тырысқаны үшін мекеме әкімшілігіне алғыс білдіремін.