
Павлодарлық жұлдыздар №46 мекемеде қайырымдылық концертін өткізді. Самиян тобы, Мағжан Ысқақ, Жанболат Байсолтан, Алмас Мұқатай, Айбар Ашкеев, Алижан Қазбеков, Мадияр Бахтияров, Бауыржан Ахметов, Серік Рыспек сотталушыларды тамаша әндерімен қуантты. 160-тан астам сотталушы жанды дауыстағы хиттарды тыңдады.
- Жол картасын жүзеге асыру және Иса Байзақов атындағы филармониямен ынтымақтастық аясында сотталушылар үшін концерт ұйымдастырылды. Мұндай жанды дауыстағы әндерді олар сирек тыңдайды, оларға қатты ұнады, - деп атап өтті мекеме басшысы Султан Бакин.