34 жастағы ер адам терроризмді насихаттағаны және әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни араздықты қоздырғаны үшін сотталған. Жазаны ол қауіпсіздік жағдайы орташа мекемеде алты жыл өтеуі тиіс еді.
2021 жылы сотталған адам ҚР ІІМ ҚАЖК № 63 (аралас қауіпсіздік) мекемесіне келді.
- Келген сәттен бастап сотталушы ұстау режимін сақтамаған. Бірден заң бойынша өмір сүрмейтінін айтты. Сотталушы жіберген бұзушылықтары үшін бірнеше рет тәртіптік изоляторға және жалғыз адамдық камераға орналастырылды, бірақ өзі үшін қорытынды жасаған жоқ. Оған 28 жаза берілді. Онымен бірнеше рет әңгімелесу нәтиже бермеді. Содан кейін материал ҚР ҚК 428-бабы (Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау) бойынша тергеу жүргізу үшін тергеу органдарына жіберілді, - дейді № 63 мекеме бастығының орынбасары Саян Рахметжанов.