Павлодарда сотталушылар арасында қолдан жасалған үздік шырша байқауын өткізді

Павлодарда сотталушылар арасында қолдан жасалған үздік шырша байқауын өткізді

"Бостандық шыршасы" - Павлодарда сотталушылар арасында қолдан жасалған үздік шырша байқауын өткізді. ҚР ІІМ ҚАЖК (қауіпсіздігі орташа) №46 мекемесінде өз қолымен жасаған ең үздік жаңа жылдық шырша байқауы өтті. Қазылар алқасына пластмасса, ағаш, қарапайым қаптан және сыпырғыштан жасалған шыршалар ұсынылды.
- Жаңа жыл қарсаңында демалыс ұйымдастыру аясында сотталушылар арасында ең креативті шырша сайысы өткізілді. Қатысушылар орман сұлуын жасап қана қоймай, оны қазылар алқасына ұсынуы тиіс еді. Конкурс 20 желтоқсанда жарияланды. Сотталушылар арасында бәсекелестік орын алып, жасақтарда басқалар қатысушыларға көмектесті,- деді мекеме басшысы Султан Бакин.
Конкурс қорытындысы бойынша №7 жасақтың сотталушысы жеңіп шықты. Ол шыршаны қарапайым сымнан жасап оны "Бостандық шыршасы" деп атаған, себебі ағаштың бұтақтары тікенекті сымға ұқсады.
- Келесі Жаңа жылды мен өз отбасыммен қарсы алып, нағыз шыршаны безендіруді жоспарлап отырмын. Сол себепті өз жұмысымды солай атадым. Өте қызықты сайыс болды, біз өз шығармашылық қабілетімізді жүзеге асыра алдық, өзімізді баладай сезіндік, уақытымызды көңілді өткіздік.-дейді конкурс жеңімпазы. Байқауға барлығы 10 адам қатысты. Жеңімпаздарға мекеме басшысынан грамоталар мен алғыс хат берілді.