
l
Қуаныш пен қуаныш көз жасы, нәзік құшақ және миллиондаған айтылмаған сөздер мен көзқарастар! Бұл күннің бірінші жартысы осындай атмосферада өтті.
Іс-шараға Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің №-44 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың барлығы 20 туыстары қатысты. Шара басталмас бұрын келушілерге экскурсия ұйымдастырылып, оның барысында сотталғандардың тұрмыстық жағдайы- жатақхана, асхана және тәрбие жұмысы кабинеті таныстырылды.
Мен бөлім басшысы ретінде мекемемізде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың психологиялық көңіл-күйінің қаншалықты өзгергенін көріп отырмын. Ашық есік күні туралы сотталғандарға хабарлағаныма олардың жүздерінен шынайы қуаныш көрдім. Ал мен үшін бұл біздің қызметіміздің тиімділігінің ең жақсы көрсеткіші, өткені туыстарымен байланыста болу – сотталғандарды түзелуге, мерзімінен бұрын босатуға және туыстарын қайтаруға ынталандыратын тәрбие жұмысының әдістерінің бірі, дейді сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы – әділет аға лейтенанты Таңатар Нұржан Қуанышұлы.
Мұндай іс-шараларды өткізу біздің жұмысымыздың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады және сотталғанадар арасында әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Жаңа жыл қарсанында жазасын өтеп жатқан азаматтар енді туған-туыстарын көріп, әңгімелесіп, бір-бірін құтықтауға мүмкіндік алды. Күнделікті уайым-қайғыдан осы бір-екі сағат үзіліс жасаум – ең жақсы сыйлық