
ҚР ІІМ ҚАЖК №45 мекемесі (қауіпсіздігі орташа) Павлодар қаласында өңірлік жұмыспен қамту орталығының өкілдері, жеке сот орындаушысы, нотариаттық округтің нотариусы, көші-қон қызметкерлері және ХҚКО қызметкерлерімен бірлесіп сотталғандар үшін ашық қабылдау өткізілді.
- Көбінесе сотталғандарда осы сала өкілдеріне көптеген сұрақтар
туындайды, олар хаттар жазып, ал мекеме қызметкерлері сұрау жасайды. Кейде хат алмасу бірнеше айға созылады.
- Бұндай қолайсыздықтарды алдын-алу, бюрактатияны алып тастау үшін және қызметкерлерден тегін кеңес алуға мекемеде қабылдау күні ұйымдастырылды. Барлық қызмет өкілдері бізді қолдағандары үшін , біз қуаныштымыз- деді мекеме бастығы Койчубаев Қуаныш.
Ведомствода айтылғандай, сотталғандарда да қарапайым азаматтар сияқты мұра мәселелері, құжаттарды әзірлеу туралы, айыппұлдарды төлеу және талап арыздарын төлеу т.б. сұрақтартуындайды.
Мекемеде жазасын өтеп жатқандар арасында жеке құжаттары жоқ азаматтар да бар.
- Маған 32 жас, құжаттардан менде тек туу туралы куәлік болды. Бостандықтта құжатталғым келмедім, ал мұнда келгелі жеке құжаттын маңызды екенін түсіндім. Бүгін маған бірінші рет жеке куәлігімді берілді. Бұл үшін көші-қон және мекеме қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Енді босатылып шыққасын жұмысқа орналасып, банктен шот аша аламын - дейді сотталған Висилий.
Мекемеде бұндай форматта кездесу алғаш рет өткізілді. Елуге жуық адам кеңес алды.