
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды өткізу үшін Павлодар қаласының тергеу изоляторында сайлау учаскесі толық дайындалды, дауыс беруге барлық сайлау құқығы бар адамдар қатыстырылды. . Дауыс беру кезінде олардың жалпы саны 181 адамды құрады.
Мекеме басшылығы мен қызметкерлері сайлау учаскесінің сайлаушыларға қолжетімді болуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасап, тиісті қадағалауды қамтамасыз етіп, сайлаушылардың тізімдерін дайындап, құжаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ стендтерде дауыс беру ережелері мен депутаттыққа кандидаттар туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылды. Сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 07.00-де еліміздің әнұранын орындаудан бастады.
- Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің N 63 мекемесінде сотқа дейін қамауда отырған тұлғалар белсенді азаматтық ұстаным көрсетті. Еліміздің болашағы, жас ұрпақ үшін бүгінгі таңдаудың маңыздылығын бәрі түсінді. Комиссия өз міндеттерін сәтті орындады.