
Таңертеңгі сағат 07.30 да Шідерті кентіне қызметке келе жатқан қызметкерлер жолда тұрған көлікті байқады.Кейінірек анықталғандай, жеңіл көліктің жүргізушісі Астанадан Екібастұзға бара жатып, жол апатына ұшырап, 35градустан астам төмен температурада трассада қалған.
№47 мекеме қызметкерлері (қауіпсіздігі төмен мекеме) көмек қолын созып, манипулятор шақырды. Манипулятор келгенше мекемеден ыстық шай мен тағамдар, сондай -ақ, жүргізушіге жылы заттар әкелінді. Ауа температурасының төмен болуына байланысты машинада пеш істемей қалған -деді мекеме бастығының орынбасары Жарас Бекенов.
Бақытымызға орай, автокөлік жүргізушісі аман-сау. Мекеме қызметкерлері оны Екібастұзға дейін алап барды.