Колония қызметкерлері өңірдегі мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.

Колония қызметкерлері өңірдегі мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.

 

44 мекеменің кадр қызметкерлері қала және аудан мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында ҚР ІІМ ҚАЖК Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай заң академиясына оқуға түсу бойынша профорентациялық жұмыстарды ұйымдастырып өткізуде. Кездесу барысында атаулы академияға түсу үшін қандай талаптар қойылатыны, үміткер қандай кезеңдерден өту керек екені түсіндіріріледі, сонымен қатар бейнеролик тамашалап, жарнама қағаздары таратылады. Оқушылар тарапынан  өздерін толғандыратын сұрақтар қойылады. Жалпы академия үш мамандық бойынша "Құқыққорғау қызметі", "Педагогика және психология ", "Әлеуметтік жұмыс" болашақ қызметкерлерді дайындайды. Ол үшін әскери-дәрігерлік комиссиясынан өту керек, ҰБТ 50 балл жинау және дене дайындығы бойынша сынақ тапсырады.