
Екібастұз қаласында 29 жасқа дейінгі жастар мен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға құқықтық цифрлық және қаржылық сауаттылық бойынша тренинг өтті. Бұл шара Екібастұз қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығымен, сондай-ақ “Кенжекөл жастары” жастар қоғамдық бірлестігінің орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Шара Екібастұз қаласындағы №23 орта мектеп базасында мамандықтар бойынша арнайы мұғалімдерді шақырумен өтті. – Екібастұзда пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаусыз 270-тен астам сотталған тұр, бұл оқуға 29 жасқа дейінгі 20-ға жуық адам қатысты. Екібастұз қалалық пробация қызметінің қызметкерлері “Кенжекөл жастары” ЖҚБ және Екібастұз қ. ЖБДО басшысына, сонымен қатар бөлінген дәрісханалар үшін мектеп директоры Ләззат Манабайқызына үлкен алғысын білдіреді.- деп айтты Екібастұз қаласы пробация қызметінің бастығы Лаура Суханова. ҚАЖД-де заң шегінен өткендерді оқыту тұрақты түрде қоғамдық бірлестіктердің қолдауымен жүргізіліп жатқанын атап өтті.